СҚО-да былтыр есірткі сақтаудың 10 фактісі анықталған. Бір есірткі зертханасының көзі жойылды. Мұны облыстық коммуникациялар орталығында өткен брифингте СҚО ПД бастығының орынбасары Асқар Мұхаметқалиев айтты, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Екі жыл бұрын есірткі өткізудің 123 фактісі анықталса, былтыр 132 жағдай тіркелген. 2024 жылы бір есірткі зертханасы жойылды. 2023 жылы 15 контрабанда анықталса, 2024 жылы мұндай үш факті тіркелген.
«Заңсыз айналымнан 771 келіден артық түрлі есірткі және психотроптық зат алынды. Бұл 2023 жылмен салыстырғанда 30 кг артық. Тәркіленгеннің сегіз килограммы түрлі синтетикалық есірткі болып табылады. Есірткі құралдарын насихаттағыны үшін 12 қылмыстық іс ашылды. Оның үшеуі қазір сот органдарына жіберілді», — деді СҚО ПД бастығының орынбасары Асқар Мұхаметқалиев.
Қазіргі кезде есірткі саудасы әлеуметтік желі және граффити-суреттер арқылы қызған. 2024 жылы мұндай 1754 хабарлама жойылыпты.
Сонымен қатар, спикер биыл наурызда есірткі қылмысына қатысты заңнамаға енгізілетін өзгерістерді тағы да атап өтті. Енді аз мөлшерде есірткі өткізген тұлға, бес жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге сотталуы мүмкін. Бұрын сот мерзімі 10 жыл болды. Сондай-ақ, орта және ірі көлемде есірткі өткізгендердің де жазасы жеңілдетілетін болады.
«Бас бостандығынан айыру орындарында отырған көптеген есірткі жасырушылар – жастар. Сондықтан мемлекет жастарға ертерек еркіндікке шығып жаңа өмір бастауға мүмкіндік береді. Және түрмеде отырған халық санын азайтудың амалы. Бұл санаттағы адамдардың мерзімінен бұрын босап щығуға, сондай-ақ жазаның өтелмеген бөлігін одан да жұмсақ түрімен ауыстыруға құқығы болады. Бірден айта кетейін, әрбір үкім сотпен дербес қаралатын болады. Бұл үшін сотталушы жазасын өтеп жатқан мекеме әкімшілігінің ұсынымы немесе оның өзінің өтінішхаты қажет», — деп түсіндірді Асқар Мұхаметқалиев.
Болжам бойынша есірткі қылмысын жасаған мыңнан астам сотталушы осы құқықты пайдалана алады.
Жаңа заң есірткі бизнесін ұйымдастырушылар және есірткі өндірушілер үшін қатаңдатылған. Олар 15 жылдан 20 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылады.
Тағы оқыңыз: Елімізде «Әкімдер мектебі» ашылады