«Родник» балалар сауықтыру лагерінде бірінші маусым басталды. Биыл аталмыш сауықтыру орнында Есіл ауданының 515 оқушысы жазғы демалысын өткізеді, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Лагерь 13 маусым күні балалар үшін салтанатты түрде есігін айқара ашты. Балалар Есіл ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің жұмысымен танысты. Мамандар оларға шеберлік сабағын ұйымдастырды.

Есіл ауданының 515 оқушысы «Родник» лагерінде  демалады Есіл ауданының 515 оқушысы «Родник» лагерінде  демалады

«Сондай-ақ оқушылар жас суретшілердің рөлін сомдап, бет әрлеу бойынша шеберлік сабағынан өтті. Және «Орман шебері» экологиялық ертегісінің актерлері ретінде өздерін сынап көрді. Бұл күні лагерьге «КІТАП-МУЗЕЙ-ТЕАТР» жобасы аясында аудандық және балалар кітапханасының қызметкерлері де келді. Олар Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдығына арналған «Қазақтың қаламгері» және «Библио-с котом ученым» атты Пушкиннің 250 жылдығына арналған   іс-шара өткізді», – дейді Есіл аудандық білім бөлімінің әдіскері Татьяна Абдулова.

Есіл ауданындағы «Родник» лагері 1972 жылы салынған. Сауықтыру орны бір мезгілде 103 баланы қабылдай алады. Лагерь аумағында 12 ғимарат бар. Атап айтсақ, сегіз үй, асхана, медициналық пункт, қойма, клуб, монша, душ және балаларға арналған стадион.

Есіл ауданының 515 оқушысы «Родник» лагерінде  демалады Есіл ауданының 515 оқушысы «Родник» лагерінде  демалады

«Жыл сайын лагерьде ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі. 2022 – 2023 жылдары өз қаражатымызға монша салдық. Барлық жатын бөлмелерде су құбыры мен кәріз жүйесі бар. Асхана ғимаратында су құбыры ауыстырылып, су жылытқыш орнатылды», – дейді Татьяна Абдулова.

Биыл жазғы маусым басталмай тұрып санитарлық талаптарға сай  ванна бөлмелеріне кабиналар қойылды. Сонымен қатар лагерьдің бүкіл аумағына өрт дабылы орнатылып, жатын бөлмелеріне ағымдағы жөндеу жасалған. Сауықтыру орнында  толықтай дератизация және дезинсекциялау жұмыстары жүргізілді. Биыл лагерге 50  жаңа кереует пен екі бассейн, тоңазытқыш және асхана жабдықтары сатып алынған.

Есіл ауданының 515 оқушысы «Родник» лагерінде  демалады

Биыл жазғы сауықтыру орны балаларды бес маусымда қабылдамақ.

Тағы оқыңыз:СҚО-да айт намазы сағат 7:00-де оқылады

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x