Солтүстік Қазақстан облысының Есіл ауданында жол инфрақұрылымын жақсарту бағытында жүйелі жұмыстар қолға алынуда, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Есіл ауданында жол инфрақұрылымы жаңартылуда
Есіл ауданында жол инфрақұрылымы жаңартылуда


Биыл бірнеше маңызды жобалар басталып, олар елді мекендердің көлікпен байланысын жеңілдетуге бағытталған. Атап айтқанда, Николаевка ауылында ағымдағы жол жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жобаны «Спец.Тех.Строй Жетысу» ЖШС жүзеге асырып жатыр. Жөндеу жұмыстары 2025 жылдың 18 наурызында басталған және екі жылға жоспарланған. Жол толықтай 2026 жылдың соңына дейін жөнделіп, пайдалануға беріледі деп күтілуде.

«Сонымен қатар, Қаратал ауылына кіреберіс аудандық маңызы бар жол да орташа жөндеуден өтуде. Бұл жұмысты «M GROUP SK» ЖШС атқаруда. Жөндеу жұмыстары 2025 жылдың 30 маусымына дейін аяқталады», — делінген Есіл аудандық әкімдігі ұсынған ақпаратта.

Ал Волошинка мен Ивано-Петровка ауылдары арасындағы грейдер жолда орташа жөндеу жұмыстары басталып кетті. Қазіргі таңда қиыршық тас төсеу және жолды тегістеу жұмыстары қызу жүргізілуде.

«Жобалардың басты мақсаты — ауыл тұрғындарының қауіпсіз әрі жайлы жүріп-тұруын қамтамасыз ету. Жөнделген жолдар жолаушылар мен көліктер үшін ыңғайлы ғана емес, сонымен қатар күзгі-қысқы уақытта ауылдар арасындағы қатынасты жеңілдетуге септігін тигізеді», — деп нақтылады аудандық әкімдік.

Есіл ауданындағы бұл жобалар — ауылдық аумақтардың әлеуметтік инфрақұрылымын жақсартуға бағытталған нақты қадам. Жергілікті тұрғындар алдағы уақытта сапалы жолдың игілігін көретініне сенімді.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *