Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығын мерекелеу қарсаңында аудан әкімі Мереке Мұхамедьяров тыл еңбеккерлеріне барды. Ауданда 132 тыл еңбеккері тұрады.  Өкінішке орай,  көзі тірі  соғысқа қатысқан жауынгерлер қалмаған,  деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Есіл ауданында соғыс ардагерлері жоқ. Бірақ, сұрапыл жылдары жеңісті жақындатып,  тылда еңбек еткен  ардагерлер бар. Аудан басшысы Мереке Мұхамедьяров тоғызыншы мамыр қарсаңында қарттарға барды.  

Юлия Ивановна Войцеховская 1937 жылдың 18 тамызында дүниеге келген. Есіл ауданында 1963 жылдан бері тұрады. Жолдасы Иван екеуі  Донбастан Қазақстанға көшіп келген. Ол бұл шешіміне ешқашан өкінбегенін айтады. Қазір  Чириковка ауылында тұрады. 

«Алдымен мен кірпіш зауытында жұмыс істедім, кейін мал шаруашылығына ауыстым. Өмір бойы сауыншы болып жұмыс істедім. Жолдасым екеуміз екі ұл тәрбиеледік. Бізде үш немере және үш шөбере бар», — деді тыл еңбеккері Юлия Войцеховская.

Тыл еңбеккерінің алған марапттары көп:  Еңбек Қызыл Ту ордені, III дәрежелі Еңбек Даңқы ордені, «Құрметті ардагер», КСРО халық шаруашылығын дамытудағы жетістіктері үшін медальдары бар. Сонымен қатар адал еңбегі мен жоғары өндірістік көрсеткіштері үшін Құрмет грамоталары, дипломдары да көп. Юлия Ивановна ҚКСР-ның Алтын Кітабына бесжылдық жоспарды орындаудағы ерекше жетістіктері үшін енген. Оған «Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ауыл шаруашылығының құрметті қызметкері» атағы берілген.

 

Сонымен қатар, аудан әкімі Надежда Дьяченконың үйінде де болды. Ол 91 жаста. Ивано-Петровка ауылының тұрғыны.  Бесінші сыныптан бастап Надежда Алексеевна кеңшарда еңбек еткен.  Кейін 13 жыл мәдениет үйінде қызмет етті. Бес бала, 12 немере және 25 шөбересінің қызығын көріп отыр.

Бұл ауылда  Екатерина Антоновна Какуля да тұрады. Ол 15 жасынан бастап сауыншы болып жұмыс істеп, кейін тың игеру кезінде тракторшы, балабақшада аспаз болған. Екатерина Антоновна жолдасымен бірге бес баланы тәрбиелеп өсірді. Қазір олардың 10 немересі және 14 шөбересі бар.

Мереке Мұхамедьяров Пелагея Ивановна Гаранинамен де кездесті. Соғыс кезінде бала болып дақылдарды жинап, көкөністер отырғызған. Соғыстан кейін мал шаруашылығында , бақшада еңбек еткен.  Мерейтойлық наградалар,  «Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ерлік еңбегі үшін» медальмен марапатталған. Сондай-ақ, аудан әкімі соғыс кезінде сауыншы болып жұмыс істеген Лидия Сметанкинаға да алғысын  айтты. Ол сұрапыл жылдары егін егу үшін өгіздермен жер жыртқан. 1950 жылы Алматы облысынан Александровкаға көшіп келген. Соғыстан кейін мал шаруашылығында жұмыс істеді.

Есіл ауданында Жеңіс күні қарсаңында тыл еңбеккерлері құрмет көрсетілді
Есіл ауданында Жеңіс күні қарсаңында тыл еңбеккерлері құрмет көрсетілді

 

Есіл ауданында Жеңіс күні қарсаңында тыл еңбеккерлері құрмет көрсетілді
Есіл ауданында Жеңіс күні қарсаңында тыл еңбеккерлері құрмет көрсетілді

«Мұндай кездесулер — ауыр соғыс жылдарын бастан өткерген ұрпаққа құрмет пен алғыс білдірудің белгісі. Елді қалпына келтіруге қосқан баға жетпес үлестеріне алғыс айтуға мүмкіндік», — деді аудан әкімі Мереке Мұхамедьяров.

Есіл ауданында Жеңіс күні қарсаңында тыл еңбеккерлері құрмет көрсетілді
Есіл ауданында Жеңіс күні қарсаңында тыл еңбеккерлері құрмет көрсетілді
Есіл ауданында Жеңіс күні қарсаңында тыл еңбеккерлері құрмет көрсетілді
Есіл ауданында Жеңіс күні қарсаңында тыл еңбеккерлері құрмет көрсетілді

Тағы оқыңыз: Петропавлда бөгет салуға көмектескен компаниялар әкімдіктен миллиондаған қарызын ала алмай отыр 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *