Есіл ауданының екі тұрғыны өз қаржыларына шағын цех ашып, кір сабын жасауды қолға алған. Мұнда аптасына 250-ге жуық өнім дайындалады. Тауар Астана мен Көкшетау қалаларында сұранысқа ие. Нысанның жұмысымен AMANAT партиясының мүшелері және Qazaqstan Media тілшілері танысып қайтты.

Явленка ауылында аудан атымен аттас «Есіл» атты кір сабын шығаратын шағын цех бар. Кәсіпкерлер Гүлістан Жарасбаева мен Ақнұр Ерғалиева оны өз қаражаттарына ашқан. Қазір мұнда аптасына 250-ге жуық сабын шығарылады. Өнім Астана мен Көкшетау қалаларында сұранысқа ие.

«Бұл сабынды біз 80 пайыз тоң майдан жасаймыз. Сосын сілтілер мен майдың иісін жою үшін хош иістендіргіштер қосылады. Өте пайдалы өнім. Халық арасында сұранысқ ие. Сондықтан ақырындап өндіріс көлемін ұлғайтып келеміз», — дейді кәсіпкер Гүлістан Жарасбаева.

Есіл ауданына барған AMANAT партиясының өкілдері Құлсары батыр атындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде болды. Дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде жеті спорт түрімен  216 бала айналысады.

Есіл ауданында шығарылатын кір сабындар Астанада сұранысқа ие

 «Есіл ауданындағы нысандардың толық әрі сапалы жұмыс істеп тұрғанынан көз жеткіздік», -дейді AMANAT партиясы облыстық филиалының атқарушы хатшысы Жеңіс Асанов.

Тағы оқыңыз: Петропавл мектептерінде «Мәдениет сағатын» енгізу ұсынылды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *