Есіл аудандық мәдениет үйінде Отбасы күніне орай үлкен мәдени шара ұйымдастырылды. Жиында аудан әкімі Мереке Мұхамедияров бірнеше үйелменді марапаттады, деп жазады Qazaqstan Media.

Аудандық мәдениет үйінде үлкен отбасылық қолданбалы өнер көрмесі ашылды. Бұл жерде шеберлер өз тәжірбиесімен бөлісіп, жиналғандарға қамшы өру, ағаш кесу, сабыннан түрлі кәдесыйлар дайындауды үйретті.

Ал сахна төрінде мерекелік концерт ұйымдастырылды. Жиынға аудан әкімі Мереке Мұхамедияров қатысты. Аудан басшысы отау құрғандарына бірнеше жыл болған, сондай-ақ ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосқан отбасыларды марапаттады.

«Отбасы – қоғамның негізі, рухани және адамгершілік құндылықтардың қайнар көзі, еліміздің болашағының іргетасы. Баршаларыңызға зор денсаулық, отбасылық ошақтың жылуына толы ұзақ бақытты жылдар, сондай-ақ бейбітшілік пен жақсылық тілеймін», — деп ізгі ниетін білдірді аудан әкімі.


Сонымен қатар, аудан әкімі өз сөзінде қазан айында елімізді маңызды оқиға күтіп тұрғанын атап өтті – бұл Қазақстанда атом электр станциясының (АЭС) құрылысы мәселесі бойынша өтетін референдум. Ол барлығын осы мәселені талқылауға белсенді қатысуға шақырды.

Отбасы күніне арналған салтанатты іс-шара аудан өнерпаздары дайындаған концертке ұласты.

Тағы оқыңыз: Петропавлда ҰҰ академиясының 200-ден астам курсанты ант қабылдады

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x