Есіл ауданында 15800 адам бүгінгі саяси науқанға қатысып, өз таңдауын жасайды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Жалпы Есіл ауданы әкімінің лауазымына 2 кандидат ұсынылған. Оның біреуі “Аманат” партиясының атынан болса, екіншісі өзін-өзі ұсынған. Ауданда 35 сайлау участкесі жұмыс істеп тұр.