Есіл ауданындағы Жәлел Қизатов атындағы жоғары ауыл шаруашылығы колледжінде ұлттық киімдер көрсетілімі өтті. Мұндай шара оқу орнында алғаш рет ұйымдастырылып отыр, деп жазады Qazaqstan Media.
Сән көрсетілімінде колледж студенттері мен оқытушылары модель ретінде өнер көрсетті. Киім үлгілерін өздері ойластырып, дайындаған. Көрсетілімге ұлдар да, қыздар да қатысты.
«Шараның басты мақсаты – қазақтың ұлттық киімін насихаттау. Ол ғасырлар бойғы тарих пен қазақ халқының өзіндік мәдениетінің көрінісі болып табылады және ежелгі халықтың қалыптасу ерекшеліктерін бейнелейді», – деді Жәлел Қизатов атындағы жоғары ауыл шаруашылығы колледжі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Гүлзира Мусина.
Қатысушылар ұлттық киімнің әлі күнге дейін өзектілігін жоғалтпағанын көрсетті. Олар қанық түсті маталарды пайдаланған. Айшықты безендірілулер бірден көзге түседі.
«Көрсетілім көрермендерге ұлттық киімге жаңа қырынан қарауға мүмкіндік берді. Этно-fashion шарасы көрермендердің көңілінен шықты», – деп қосты Гүлзира Мусина.
Ұлттық киім көрсетілімінен кейін колледжде концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.
Тағы оқыңыз: Петропавл әкімдігі кезекте тұрмаған адамдарға пәтер берген