Есіл ауданында футболдан турнир өтіп жатыр

Қазақстан Конституциясы күніне орай Есіл ауданында футболдан турнир өтіп жатыр. Жарысқа үш ауылдық округ пен қаланың спортшылары қатысуда, деп хабарлайды Qazaqstan Мedia тілшісі.

Есіл ауданында алты мыңнан астам адам бұқаралық спортпен шұғылданады. Оның 600-ге жуығы футбол ойнап, доп тепкенді құп көреді. Сонымен қатар, дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде шағын футбол, баскетбол, волейбол, үстел теннисі және шахматпен айналысуға мүмкіндік бар. Жаттығу залына да келуге болады. Ғимарат толығымен абаттандырылған.

Есіл ауданында футболдан турнир өтіп жатыр

Есіл ауданында футболдан турнир өтіп жатыр

Бүгін аудан орталығында футбол турнирі ұйымдастырылып, бірнеше команда жиналды. Мұнда ересектер лигасының жүлдегерлері, қалалық кұрамалар және мектеп оқушыларынан құралған командалар бар. Олар турнирге тәжірибе жинау үшін келген.

«Ауылдық округтерден бізде үш команда бар. Командаларды жасақтау үшін біз бірнеше округтен ойыншыларды жинадық. Бірінші команда құрамында Бұлақ және Волошинка ауылдарының тұрғындары бар. Екіншісінде явленкалықтар мен покровкалықтар. Өткен жылы осындай турнирде аудан орталығының командасы чемпион атанды. Осы жолы да жақсы нәтиже көрсетеді деген сенімдеміз. Биыл стадион күрделі жөндеуден өтіп, жаңартылды. Спортшылар үшін әлдеқайда ыңғайлы бола түсті. Бүгіндері баскетбол және волейбол алаңдары салынуда», — деді Есіл ауданы дене шынықтыру және спорт бөлімі басшысының міндетін атқарушы Азамат Кәкенов.

 

Есіл ауданында футболдан турнир өтіп жатыр

Есіл ауданының командасы шағын футболдан облыстың үш дүркін чемпионы атанған. Үлкен футболда да жақсы нәтижелер бар дейді команда капитаны Александр Поневин.

«Аудан орталығында салынып жатқан жаңа спорт нысандары көп. Соның арқасында кәсіби тұрғыда бізде дамып келеміз. Оның үстіне спортқа ден қойған адамдар саны артып келеді. Ерексектер де, балалар да көп келеді. Бұл өте қуанышты жәйт. Мен өзім Покровка орта мектебінде дене шынықтыру пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеймін», — деді Есіл ауданының команда капитаны Александр Поневин.

Александрдың айтуынша, Покровка ауылының балалары үнемі Явленкадағы спорт кешеніне келіп, спортпен шұғылданады екен.

 

Есіл ауданында футболдан турнир өтіп жатыр

Турнирде командалар барлығы сегіз ойын ойнайды. Жеңімпаздар медаль және грамоталармен марапатталады.

Тағы оқыңыз: Петропавлда облыстық «Салт-дәстүр» этномәдени фестивалі өтті

 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *