«Ауыл әйелі-ел мақтанышы. Осындай атаумен Есіл ауданында бизнес саласында жүрген қыз-келіншектер үшін форум өтті. Әйел адамының мерейін өсіретін шараға 200-ден астам нәзікжанды қатысты, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Қоғамда әйелдер қауымының рөлі артып, оларға артылар жауапкершілік те көбеюде. Табиғаты әлсіз демесек, білімі барын биліктен, қолынан іс келетінін кәсіптен көреміз. Мемлекет тарапынан нәзікжандыларға арналған түрлі жобалар іске қосылуда.

Алайда, бұл жайлы ауыл әйелдері біле бермейді. Сол мақсатта Есіл ауданы Явленка ауылында «Ауыл әйелі — ел мақтанышы» атты форум өтті. Шарапаты мол шараны «Ауыл» партиясы аталған аймақтың әкімдігімен бірлесіп ұйымдастырды.

Есіл ауданында «Ауыл әйелі - ел мақтанышы» атты форум өтті
Есіл ауданында «Ауыл әйелі — ел мақтанышы» атты форум өтті

Шараға ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі, «Ауыл» партиясының орталық аппараты басшысының орынбасары Әйгерім Сәрсенбаева қатысты. «Форумның басты мақсаты — ауыл әйелдерінің еңбегін насихаттау. Нәзікжандылардың қолынан бәрі келеді. Басқосу арқылы олардың құқықтық сауаттылығын арттырып саясатқа және бизнеске жол ашқымыз келеді», — деді «Ауыл» партиясы СҚОФ консультанты Рүстем Арман.

Форумға Есіл ауданының белсенді әйелдері шақыртылған. Олар келген меймандарға арнап көрме ұйымдастырды. Оның ішінде бұйымдардан бастап тағамдарға дейін бар. Әрқайсысы көздің жауын алады, дәмі тіл үйіреді.

Айта кетейік, қазіргі таңда СҚО-да 15 мыңнан астам әйел кәсібін дөңгелетіп отыр. Бұл өңірдегі шағын және орта бизнес субъектілерінің 42 пайызын құрайды. Олардың көбі сұлулық салонын ашқанды құп көрген.

Есіл ауданында «Ауыл әйелі - ел мақтанышы» атты форум өтті
Есіл ауданында «Ауыл әйелі — ел мақтанышы» атты форум өтті

«Өзім кір сабын өндірумен айналысамын. Кәсіпкерлікті қолға алғаныма үш жылдан асты. Шығарылған өнімді Астана, Көкшетау қалалары мен облыстық түкпір-түкпіріне саудалаймын. Бүгінші шарадан көріп-білгенім кәсібімді одан әрі дөңгелетугк зор септігін тигізеді деп ойлаймын», — деді есілдік жеке кәсіпкер Гүлстан Жарасбаева.

Көрмеден кейін Астана, Алматы қалаларынан келген спикерлер нәзікжандыларға ораторлық шеберлік пен жеке кәсіпкерлік жайлы бар білгендерін үйретті. Мемлекет тарапынан әйелдерге арналған қандай бағдарламалар бар екенін көрсетті. Шараға барлығы 200-ден астам адам қатысты.

Тағы оқыңыз: Петропавл әкімдігі тұрғындарды қарттар мен мүгедектерді қолдауға шақырады

 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *