Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Есіл ауданының халқымен кездесу өткізіп, жиында ауданды дамыту жоспары жайлы айтып, өзекті мәселелерді талқылады. Биыл Есіл ауданында жеті ауылішілік жолдар, алты ауылға кіреберіс жол жөнделеді, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Ауданда биыл сегіз ауылды байланыстыратын «Покровка-Ильинка-Мектеп» автожолын күрделі жөндеу аяқталады. Петровка мен Чириковкада фельдшерлік-акушерлік пункт, Николаевкада дәрігерлік амбулатория салынады. Үш ауыл мектебі жаңарады, Бірлікте ауылішілік су желілері тартылады.
Сондай-ақ іссапар барысында облыс әкімі асфальт-бетон зауытының құрылысымен танысты, жаңа нысан биыл мамыр айында іске қосылады. Ғауез Нұрмұхамбетов су тасқынына қарсы іс-шаралардың орындалуын бақылап, ауыл шаруашылығы колледжіне де барды.

Тағы оқыңыз:Ауызашар мәзірі: Петропавлда ораза ұстағандарға дәмханалар қандай тағамдар ұсынады

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x