Есіл ауданындағы Бірлік ауылында көптен күткен оқиға орын алды. Елдімекенде ауыз сумен жабдықтау жүйесі ресми түрде іске қосылды, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Таза тіршілік көзін тарататын нысан 1 жылдың ішінде салынды. Құрылысқа Бас прокуратураның мемлекетке қайтарылған активтері есебінен де қаржы бөлінген.

«15 шақырым су құбыры тартылды, оның 6 шақырымы ауылдың іші арқылы өтеді, іске 618 млн теңге жұмсалды. Сіздердің көптен күткен тілектеріңіз орындалды. Ауданда бұл бағытта жұмыстар жалғаса береді», — Есіл ауданының әкімі Мереке Мұхамедияров.
Берекесі артқан Бірлік ауылында қазір 150-ге жуық адам тұрады. Олардың барлығы тіршілік көзін үйге кіргізген. Ілкімді іс Петровка ауылдық округінде атқарылды. Биыл мұнда біршама шаруа тындырылыпты.
Есіл ауданындағы Петровка ауылдық округіне 3 ауыл кіреді. Бүгінде елдімекендердің барлығындағы үйлерге таза су кіргізілген.
Тағы оқыңыз: Жамбыл ауданында халықтың тұрмысын жақсарту бағытталған ауқымды жұмыс атқарылған

