Есіл ауданының өнерпаздары осымен екінші жыл қатарынан «Әнім де сен, жырым да сен-QYZYLJAR» облыстық көркепөнерпаздар байқауында бас жүлдені жеңіп алды. «Ауылдың үздік мәдениет мекемесі – 2024» атағына ие болған аудан ұжымына облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов жаңа Next газелінің кілтін табыстады, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Облыстық көркемөнерпаздар байқауы өңірде дәстүрлі түрде өткізіледі. Байқау барысында әр ауданның үздік мәдениет мекемесі анықталып, облыстық кезеңге үздік өнерпаздар іріктеліп алынады. Іс-шараның мақсаты, ауылдардағы шығармашылық ұжымдардың әлеуетін анықтап, әнші, бишелердің өнерін қолдау.

Есіл ауданы «Әнім де сен, жырым да сен-QYZYLJAR» облыстық байқауында грин-при жеңіп алды

«Облыстық көркемөнерпаздар байқауының «Есіл өңірі – он бесігі» аудандық кезеңі бізде 18 маусым күні өткен болатын. Облыстық комиссия келіп, біздің өнерпаздардың өнерін тамашалады. Нәтижесінде 5 өнерпаз үздік деп танылып, облыстық кезеңге жолдама алды»,- деді Есіл аудандық мәдениет үйі директорының м.а. Нұркен Сисенбаев.

Есіл ауданының көркемөнерпаздары осымен екінші жыл аталмыш байқауда гран-приге ие болды. Жеңімпаздар 14 шілде күні «Әнім де сен, жырым де сен – QYZYLJAR» атты гала-концертінде марапатталды. Іс-шарада Есіл өңірінің шығармашылық топтары мен солистері жиналған қауым алдында өз өнерлерін тағы бір дәлелдеді. «Ауылдың үздік мәдениет мекемесі – 2024» атағына ие болған ұжымға облыс әкімі жаңа Next газелінің кілтін табыстады.

Есіл ауданы «Әнім де сен, жырым да сен-QYZYLJAR» облыстық байқауында грин-при жеңіп алды

 

«Облыстық кезеңде Тоймырза Абашов «Құмарын тарқат алқаның» жырын, «Мәдениет саласының үздігі» Құрмет белгісінің иегері Жомарт Қалиев «Попурри» және Елена Маликова екеуміз «Желсіз түнде жарық ай» әнін орындадық. Ал аудандық өнерпазымыз Наталья Бельская «Утро над Ишимом» әңгімесін, Жанар Қалиева «Менің елім» өлеңін мәнерлеп оқып берді»,- деді Нұркен Сисенбаев.

Есіл ауданында мәдениет саласы жақсы дамыған. Аудан ауылдарында жалпы 23 мәдениет клубы бар. Және аудан тұрғындарының игіліктері үшін 13 демалыс орталықтары да жұмыс істейді.

Тағы оқыңыз:Биыл қай мамандықтарға көп грант бөлінгені белгілі болды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x