Есіл

Сергеев бөгетінен төмен қарай Есіл өзенінің су деңгейі қайта көтеріліп келеді, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Облыстағы шағын өзендерде су деңгейі қайтадан көтеріліп келеді. Синоптиктердің ақпаратынша, Петропавлда бір күнде Есіл өзенінің деңгейі 195-тен 620 см-ге жетті. Мұнда өзен арнасынан таситын қауіпті меже – 1050 см. Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары жағдайы бақылауда ұстауда. Болжам бойынша облыс орталығында су тасқынының шарықтау шегі осы аптаның соңы мен келесі аптаның басында болады. Өткен тәулікте Гусаковка ауылының жанында Бабықбұрлық өзенінің деңгейі 148, Ковыльное елді мекенінің маңында Аққанбұрлық өзені 79, Северное ауылының жанындағы Шағалалы өзені 19 см-ге көтерілді. Сонымен қатар,  Покровка ауылының маңында Есіл өзенінің суы 88 сантиметрге жоғарылады. Қауіпті меже 950-ден 40 сантиметрге артып, өзен арнасынан шықты.

Тағы оқыңыз: Жыл басынан бері СҚО-да 35 жол-көлік оқиғасы тіркелді

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x