Есептен жаңылды: СҚО-ның білім басқармасы мектеп асханаларын жалға алушыларға қаржыны дұрыс төлемей келген

Солтүстік Қазақстан облысының прокурорлары білім беру саласында талдау жүргізіп, бірқатар өрескел заң бұзушылықтар анықтады, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

СҚО білім басқармасының лауазымды тұлғалары бюджет және салық заңнамасының талаптарын бұзған. Олар бюджеттік өтінімдерді дайындау кезінде бір реттік мектепте тамақтандыру құнына қосылған құн салығының ставкасын (12%) қоспаған. 

«Нәтижесінде, мектеп асханаларын жалға алушылар  тамақтандыруды ұйымдастырғандары үшін бір оқушыға қажетті 647 теңгенің орнына 614 теңге алып отырған. Осылайша, алты кәсіпкердің құқықтары бұзылды. Қадағалау органының актісі бойынша бюджеттік өтінімдерді қалыптастыру тәжірибесі қайта қаралды. Қаржыландыру көлемін 5,6 млн теңгеге ұлғайту мақсатында кәсіпкерлік субъектілерімен қосымша келісімдер жасалды», — делінген облыстық прокуратураның ұсынған ақпаратында.

Ал олқылықтарға жол берген үш лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылған.

Тағы оқыңыз: Петропавлда есірткі сайттарын жарнамалайтын жазулар боялды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x