Ертең яғни 19 шілде елімізде телеарналар мен радиостанциялар уақытша хабар беруін тоқтатады, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
«19 шілдеде сағат 03:00-ден 17:00-ге дейін спутниктік, цифрлық және аналогтық эфирлік желілердің телерадио хабарларын таратуын өшіру бойынша жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізіледі», — деп таратты «Қазтелерадио» өкілдері.
Уақытша үзілістер үздіксіз және сапалы телерадио хабарларын таратуды қамтамасыз ету мақсатында жүрзіліп отырады. Профилактикалық жұмыстардың жиілігі – әр тоқсан сайын.
Тағы оқыңыз: СҚО-ға 4 мыңнан астам адам көшіп келді