[et_pb_section fb_built=»1″ admin_label=»section» _builder_version=»4.16″ global_colors_info=»{}»][et_pb_row admin_label=»row» _builder_version=»4.16″ background_size=»initial» background_position=»top_left» background_repeat=»repeat» global_colors_info=»{}»][et_pb_column type=»4_4″ _builder_version=»4.16″ custom_padding=»|||» global_colors_info=»{}» custom_padding__hover=»|||»][et_pb_image src=»https://qaz-media.kz/wp-content/uploads/2023/03/1-1.jpg» _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» align=»center» hover_enabled=»0″ sticky_enabled=»0″][/et_pb_image][et_pb_text _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» global_colors_info=»{}» custom_padding=»|||0px||»]

Қаруланып 3 оқушыны жарақаттаған баланы тоқтатқан 2 жасөспірімге ҚР Қорғаныс Министрлігінен алғыс хат табыс етілді, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Естеріңізге сала кетейік, ақпанның 13-і Петропавл қаласындағы №4-ші орта мектепте оқыс оқиға орын алған болатын. 15 жасар бала балта және пышақпен қаруланып, 3 оқушыны жарақаттады. Сол кезде болып жатқан жағдайды көріп қалған 9-шы сынып оқушысы Нұрислам Сандыбай мен 10-шы сынып оқушысы Алдияр Нұртаев қатарластарына шабуылдап жатқан баланы тоқтатып, қолындағы қаруын тартып алды. Қауіпті сәтте еш ойланбастан ерлік көрсеткен жасөспірімдерге бүгін ҚР Қорғаныс Министрлігінен алғыс хат табыс етілді.

«Мектепке келіп, сөмкемді сыныпта қалдырдым. Кейін дәлізге шығып, достарыммен әңгімелесіп тұрдым. Бір кезде қасымыздан толстовка мен маска киген, қолында пышақ пен балтасы бар бала жүгіріп өтті. Оған қарсы бір қыз келе жатқан еді. Басында бұл ойын шығар деп ойлап қалып, мән бермедік. Алайда, маска киген бала қызды ұра бастағанда, көмектесу керек екенін түсіндім. Сол сәтте өзімді жарақаттауы мүмкін деген ой да келмепті. Басты мақсатым қызды құтқару болды. Мен сол баламен күресіп жатқанда қасымызға Алдияр келіп, қолындағы қаруларын тартып алды», — деп сол күнді еске түсірді Нұрислам Сандыбай.

Нұрислам Сандыбай каратэ, дзюдо сынды спорт түрімен шұғылданып, волейбол ойнағанды жақсы көреді. Болашақта өмірін машина құрастыру саласымен байланыстырғысы келеді. Жасөспірім адамдар кез-келген уақытта бір-біріне көмек қолын созып, ештеңеден қорықпаулары тиіс дейді.

«Өзімді қандай да бір ерлік жасадым деп айта алмаймын. Бұл еліміздің кез-келген азаматаның борышы. Қазақстанның болашағы – жастардың яғни, біздің қолымызда. Бұл оқиғадан кейін өмірге деген көзқарасым да өзгерді. Ең бастысы қорықпау керек», — дейді Нұрислам Сандыбай.

Жалпы, бұл күні ҚР Қорғаныс Министрлігінің өкілдері Нұрислам мен Алдиярдың ата-анасына да өз алғыстарын білдірді.

[/et_pb_text][et_pb_image src=»https://qaz-media.kz/wp-content/uploads/2023/03/Tolik0083_01.MP4_snapshot_00.03.731.jpg» _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» align=»center» hover_enabled=»0″ sticky_enabled=»0″][/et_pb_image][/et_pb_column][/et_pb_row][/et_pb_section]

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x