Солтүстікқазақстандық парашаңғышылар Ербол Хамитов пен Александр Герлиц тағы да жеңіс тұғырынан көрінді. Олар әлемдік жарыста ел қоржынына бес медаль салды, деп жазады Qazaqstan Мedia тілшісі.
Ербол Хамитов бесінші наурызда Норвегияның Тронхейме қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында спринт бойынша қола медальді жеңіп алды. Сонымен қатар, ол Стейнхьереде өткен әлем чемпионатында да жақсы нәтиже көрсетіп, жанкүйерлерін қуантты.
28 ақпанда әлемдік кубоктың жекелей сынында 10 шақырымды екінші болып бағындырып, күміс жүлде ұтып алды. Ал бірінші наурызда спринтте қола медаль тағынды.
Александр Герлиц бұл сайыстың жекелей сынында күміс жүлдегер атанса, спринтте қола жүлдеге ие болды.
Тағы оқыңыз: Петропавл жолдарында бір күнде 305 рет ереже бұзылды