Қазіргі заман – ғылым мен білімнің, цифрлық технологиялардың қарыштап дамыған кезеңі. Ел Президенті, Қазақстан ғылым мен инновацияны дамыту арқылы ғана бәсекеге қабілетті елге айналатыны анық, деген болатын.  Осы мақсатта еліміздің жоғары оқу орындарына, соның ішінде Қозыбаев университетіне де үлкен міндеттер жүктеліп отыр, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Премьер-Министр өз сөзінде соңғы алты жыл ішінде республикалық бюджеттен ғылымды қаржыландыру алты есеге өсіп, 2024 жылы 252,5 млрд теңгеге жеткенін атап өтті. Сонымен қатар, ғылымды дамытуда 2029 жылға дейін қаржыландыру деңгейі ішкі жалпы өнімнің  1%-ына дейін жеткізілмек. Бұл – еліміздің жоғары білім жүйесі үшін ғана емес, Қозыбаев университеті үшін де аса өзекті тақырып.

«Бүгінде Қозыбаев университетін Зерттеу университетіне айналдыру – біздің алдымыздағы негізгі міндеттердің бірі. Осы бағытта жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Ғылым саласын мемлекет тарапынан қолдау да күшейіп келеді. Мысалы, соңғы 6 жылда ғылымды қаржыландыру көлемі 6 есеге артып, 2024 жылы 252,5 млрд теңгеге жетті. Үкімет басшысы атап өткендей, 2029 жылға дейін бұл көрсеткіш ішкі жалпы өнімнің 1% деңгейіне жеткізіледі»-деді Қозыбаев университетінің Басқарма Төрағасы- Ректор Ербол Исақаев Ербол.

Қозыбаев университетінде ғылымды дамыту үшін қажетті жағдайлар жасалған

2024 жылы ғылыми зерттеулерді гранттық қаржыландыру аясында 15 жоба жүзеге асты. Олардың  жетеуі өңірлік кәсіпорындармен бірлесіп қаржыландырылды. Соңғы үш жыл ішінде ғылыми зерттеулер мен тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға бөлінетін қаражат бір млрд теңгеге жетті. Оның ішінде 930 млн теңге – мемлекеттік, 115 млн теңге – бюджеттен бөлек қаржы.  Ал 2024 жылы жалпы қаржыландыру көлемі 370 млн теңгені құрап отыр.

«Үкімет отырысында Премьер-Министр жастардың ғылымдағы үлесі 46%-ға жеткенін ерекше атап өтті. Бұл көрсеткіш – біздің де басты назарымызда.  Бүгінгі күні Қозыбаев университетінің ғалымдары қатысқан бірнеше табысты жобаларды атап өткім келеді:

— «СК Протеин» ЖШС-мен бірлескен жоба аясында қалдық былғары шикізатынан азықтық ұн өндіру технологиясы жасалды (инвестиция көлемі – 850 млн теңге).

— Су ғылыми-технологиялық орталығы және біздің ғалымдар бірлесіп, хлорелла микробалдырлары арқылы су айдындарын тазартудың инновациялық технологиясын әзірледі. Бұл технология Петропавл, Қостанай, Шымкент қалаларында сынақтан сәтті өтті.

— «Agrosoil Company» ЖШС-мен бірге топырақ талдау жобасы да жемісті нәтиже берді»-деп нақтылады ректор.

Қазіргі таңда жоғары оқу орны ғылым және жоғары білім министрлігінің бағдарламалық-мақсатты қаржыландыру конкурсына қатысу үшін ірі ғылыми жобаны дайындауда.  Бұл жоба денсаулық сақтау, азық-түлік қауіпсіздігі, су мәселелері бойынша өңірлік ғылыми-технологиялық орталық құруды көздейді.  Осы жобаның негізгі серіктестері Аризона университеті (АҚШ), Солтүстік-Батыс ауыл және орман шаруашылығы университеті (Қытай), Қарағанды медицина университеті, жергілікті кәсіпорындар мен ғылыми ұйымдар. Жобаның болжамды бюджеті – үш млрд теңге. Сонымен қатар жеке серіктестерден бірлескен қаржыландыру тарту жоспарланған.

Жобаның нәтижесінде Қозыбаев университетінде ветеринария бағыты бойынша жаңа білім беру бағдарламасын ашу көзделуде. Бұл мақсатта Агроқұзыреттілік орталығы құрылып, Қытайдың Солтүстік-Батыс ауыл және орман шаруашылығы университетімен бірлесіп мал шаруашылығына арналған зертхана іске қосылды.

Ербол Исақаев: Ғылымды дамыту – Қозыбаев университетінің стратегиялық басымдығы

Бүгінде ғылым саласында цифрландырудың маңызы артып келеді

Қазақстанда 25 мың ғалым мен 400-ден астам ғылыми ұйымды біріктіретін цифрлық ғылыми экожүйе құрылды. Ол ғалымдардың жұмысын жеңілдетуге, қаржыландыру процестерін автоматтандыруға бағытталған. Қозыбаев университеті AI-Sana пилоттық жобасын іске асыру арқылы жасанды интеллект бағытында алдыңғы қатарда. Қазір барлық бағыттағы студенттеріміз Huawei, Coursera, Astana Hub платформаларында ЖИ курстарын оқып жатыр.

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Қазақстанда алғаш рет Қозыбаев университеті Аризона университетімен (АҚШ) стратегиялық серіктестік жобасын іске асырды. Бұл – әлемдік білім мен ғылымға қадам басудың нақты көрінісі. Солтүстік Қазақстан өңірінің жалғыз жоғары оқу орны ретінде біз өңір дамуы үшін жауапкершілікті толық сезінеміз. Біздің мақсатымыз – білікті мамандар даярлау ғана емес, өңірлік және халықаралық деңгейде ғылыми әлеуетті арттыру. Ғылымды қолдау мен дамыту – Қозыбаев университетінің тұрақты басымдығы болып қала береді»-деді білім ордасының ректоры.

Тағы оқыңыз: СҚО-да өз анасын аяусыз өлтірген жігіт жазадан құтылып кетті

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *