Жуырда Конституциялық реформа жөніндегі комиссия Ата заңға енгізілетін өзгерістерді жариялады. Облыстық мәслихат депутаты Ербақыт Амантайұлы жаңа Конституция оң өзгерістерне жол ашады деп есептейді, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Жаңа Конституциялық реформаның түпкі мәні – құқықтық сабақтастықты сақтай отырып, қоғамның тыныштығына жауап беретін орнықты жүйе қалыптастыру. Тұрақтылық пен жаңару үйлесім тапқанда мемлекеттің тұрақты дамуының негізі қаланады. Облыстық мәслихат депутаты Ербақыт Амантайұлы осындай пікір ұстанады.
«Конституцияға енгізілетін өзгерістер елімізді әлеуметтік-экономикалық тұрғыда дамытуға септеседі. Жаңа құжат жаңашылдыққа, жақсылыққа бастайды», — деді Ербақыт Амантайұлы.
Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайдың V отырысында жаңа Парламентті “Құрылтай” деп атауды ұсынды. Бұл – жанымызға жақын атау. Кезінде Күлтөбенің басында жиналған ата-бабаларымыз кездесулерде елдің болашағына қатысты мәселелерді қарастырған. Облыстық мәслихаттың депутаты Ербақыт Амантайұлы Президенттің бастамасын қолдайды. Мемлекеттік орган әлемдік державаға айналуға мүмкіндік беретін шешімдер қабылдайтынына сенеді.
«Құрылтай қазақ халқы үшін таңсық емес. Кезінде ата-бабаларымыз құрылтай отырыстарында ел тағдырын шешкен. Вице-президент лауазымын енгізуді де дұрыс деп санаймын», — деді спикер.
Ербақыт Амантайұлы халықтың таңдау арқылы енгізілетін өзгерістердің арқасында “Әділетті Қазақстан” қалыптасады деп есептейді
Тағы оқыңыз: Солтүстікқазақстандық жас жігіттер алаяқтарға қаржылық империя құруға көмектескен

