Енді несие алу үшін ерлі-зайыптылардың өзара келісімі керек

Сенаттың жалпы отырысында несие беру  мен оны өтеуге қатысты заң  екінші оқылымда қабылданы. Ол «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кредит беру кезінде тәуекелдерді барынша азайту, қарыз алушылардың құқығын қорғау, қаржы нарығын реттеу және атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңы деп аталады.  Сенат заңның жекелеген баптарын жаңа редакцияда ұсынып, оны мәжіліске қайтарды, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Сенаттың қаржы және бюджет комитетінің мәліметінше, банк беретін қарыздар мен микрокредиттер беру кезінде талаптарды қатаңдату арқылы азаматтардың шамадан тыс кредит алуын төмендету ескерілген. Ол үшін заңда кредиттер бойынша 90 күннен астам мерзімі өткен берешегі болған азаматтарға кредит беруге тыйым салу қарастырылған. Сондай-ақ жұбайының келісімінсіз кредит беруге тыйым салу шарасы енгізіледі.

Енді несие сомасы 1 мың айлық есептік көрсеткіштен артық болса, оны алу үшін ерлі-зайыптының өзара келісімі керек болады.

Өтелмеген тұтынушылық кредиттер бойынша мерзімі өткен соң 90 күннен кейін сыйақы есептелмейді. Ал мерзімді әскери қызметті өткеру кезеңінде қарыз алушыға кредиттер бойынша төлемдерді кейінге қалдыру қарастырылған.

Тағы оқыңыз: Петропавлда студенттік құрылыс жасағы құрылды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x