Астанада СҚО ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтіп жатыр. Дәстүрлі шараға солтүстікқазақстандық кәсіпкерлер де қатысып, өз тауарларын төмен бағамен ұсынды, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Шынымен, сатылымға шығарылған өнімдердің бағалары нарықтағыға қарағанда әлдеқайда төмен. Солтүстіктен жеткізілген жылқы етінің килограмы – 2800, сиырдікі – 2900, қойдың келісі 2700 теңгеден саудаланды.

Қазы мен жаяның бағасы – 3000 теңге. Үйрек – 2200, қаздың келісі – 2500 теңге. Жәрмеңкеге Қызылжар ауданының тауар өндірушілері мол көлемде өнім әкелген.

Елордада СҚО ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтуде
Елордада СҚО ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтуде

«Жәрмеңкеге 20 бас — жылқы етін, 10 бас — қой, тағы 10 бас сиыр етін әкелдік. Сонымен қатар, сүт және бал өнімдері және көкеністер кеңінен саудалануда. Шара барлығы 100 тоннадан астам тауар әкелінді», — деді Қызылжар аудандық ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлікті дамыту және ветеринария бөлімінің басшысы Қанат Дарбаев.

Жәрмеңкеде Айыртау ауданынан келген етке сұраныс көп болды. Әміржановтардың ет сату кәсібімен айналысып жүргеніне 25 жылдан асқан. Осы уақыт ішінде Астанада өтетін жәрмеңкелерден қалған емес.

«Жәрмеңкеге жылқы, сиыр, қой және құс етін әкелдік. Бір жарым сағаттың ішінде тауардың 50 пайызын сатып үлгердік. Шынымды айтсам, мұндай сұраныс болады деп еш ойламадым. Біздегі баға дүкендегіден екі есе арзан деп айтсам болады», — деді Айыртау ауданынан келген кәсіпкер Айымгүл Әміржанова.

Уәлиханов ауданынан келген Құлмолдиндер отбасы 2001 жылдан бері қымыз өндірумен айналысады. Кәсіпкер жанұяның өздерінің жеке рецепті бар. Олар бір жарым литр қымызды 2500 теңгеден саудалауда.

Елордада СҚО ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтуде
Елордада СҚО ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтуде

«Биыл республикалық байқауға қатысып жүлделі орыннан көріндік. Өзіміздің цехіміз бар. Өнімді СҚО және Ақмола облыстарына сатамыз. Жәрмеңкеге 700 литр қымыз әкелдік. Ертеңге дейін барлығын өткіземіз деп ойлап отырмыз, — деді жеке кәсіпкер Гүлбақыт Құлмолдина.

Сауда нүктелерінің алдында бір бос орын жоқ. Бірі ет, кейбірі көкөніс пен жеміс-жидек түрлерінен алуға асық. Астана қаласының тұрғыны Саян Қалиахметов осы шара арқылы қысқа дайындалып, тоңазытқышын дәруменге бай өнімдермен толтырмақшы.

«Картоп, қырықабат, бал – барлығын осы жерден аламыз. Өте қуаныштымыз. Тауар дайындаушылардың еңбектері жансын, оңай шаруа емес. СҚО жәрмеңкесін жыл сайын асыға күтемін», — деді ол.

Жәрмеңкеге сатушылар жалпы көлемі 800 тоннадан астам тауар әкелді.

Елордада СҚО ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтуде
Елордада СҚО ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтуде

Тағы оқыңыз: Астанадағы жәрмеңкеге СҚО-ның Жамбыл ауданының тұрғындары таңдаулы ет пен көкөніс әкелді

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *