10-12 қазан аралығында республиканың көп бөлігінде жауын-шашын, қар аралас жаңбыр жауып, жел күшейеді, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Синоптиктерді болжауынша алдағы күндері елімізде күн суытып, кей облыстарда қар аралас жаңбыр жаууы да мүмкін. Республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде және орталығында түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман, көктайғақ күтіледі.
«Алдағы күндері республиканың көп бөлігінде барикалық алқаптардың тез өзгеруі күтілуде – жауын-шашын (жаңбыр соңы қарға ұласады), оңтүстікте жаңбыр жауып, жел күшейеді. Батыс өңірлердегі ауа температурасы түнде 5 аяз — 7 жылыға дейін, күндіз 5-18 жылыға дейін, солтүстік-батыс, солтүстік және орталықта түнде 5 аяз -5 жылыға дейін, күндіз 5-13 жылыға дейін төмендеуі күтіледі», деп жазылған Қазгидрометтің ресми сайтында.
Тағы оқыңыз: СҚО-дағы құрылыс алаңдарында гастарбайтерлер жұмыс істеген