Синпотиктер қаңтардың 6-8 аралығына арналған ауа райы болжамын ұсынды. Олардың мәліметінше алдағы екі күнде респблика көлемінде қалың қар жауып, ауа температурасы -30 °C-қа дейін төмендемек, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
6 қаңтарда солтүстік-батыста қатты қар жауса, оңтүстікте жаңбыр аралас қар жаууы ықтимал. Ал 7-8 қаңтарда республиканың біраз бөлігінде қалың қар түседі деп болжанып отыр. Сонымен қатар солтүстік-батыста, солтүстікте және орталықта қатты қар жауады. Солтүстік өңірлерде көктайғақ пен боран болады деп күтілуде. Республика бойынша тұман мен желдің күшеюі байқалады.
«Солтүстік-батыс антициклон сілемімен байланысты суық ауа массалары келеді. Елдің батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде және шығысында температураның күрт төмендейді. Сонымен қатар батыста және солтүстік-батыста түнде 8-25 аязға дейін, солтүстікте 5-30 аязға дейін, ал республиканың шығысында 5-18 аязға дейін төмендеу күтіледі», — делінген хабарламада.
Тағы оқыңыз: Отбасындағы зорлық-зомбылық: СҚО-да былтыр бес әйел қайтыс болды