Еліміздің колледждерінде педагог-ассистенттер дайындайды

2025 жылдан бастап еліміздегі колледждерде педагог-ассистенттерді дайындайтын болады. Бұл  ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етуге қажет, деп жазады Qazaqstan Media.

Қазіргі уақытта психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес беру есебінде (ПМПК) ерекше білім беруді қажет ететін 203 мың бала бар. Олар 496 арнайы білім беру ұйымдарында оқиды. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін балабақшалардың 69%-да, мектептердің 88%-да және колледждердің 80%-да жағдай жасалған. Мектептерде 1071 арнайы жасақталған кабинет жұмыс жасайды.

«Еліміздің мектептерінде «педагог-ассистент» лауазымы енгізіліп, мамандар саны бір жылда 1000-нан 2,5 мыңға дейін артты. Педагог-ассистент лауазымын мектепке дейінгі ұйымдарда енгізу мүмкіндігі қарастырылуда. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен 9 мыңнан астам арнайы педагог жұмыс жасайды. Мамандарға деген қажеттілікті ескере отырып, келесі оқу жылынан бастап еліміздің колледждерінде «педагог-ассистенттер» дайындау қолға алынуда», — дейді Инклюзивті және арнайы білім беру департаментінің директоры Лаура Бутабаева.

Тағы оқыңыз: СҚО-да аграрийлер орманға аммиак төгіп, табиғатқа 53 млн теңгеге залал келтірген

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *