Еліміздегі ХҚКО-тары жылжымайтын мүлікке қатысты операцияларды уақытша тоқтатады

Қазақстанда жылжымайтын мүлік желісі бойынша мемлекеттік қызметтер жұмысын уақытша тоқтатады. Сөйтіп, 26 сәуірден бастап 9 мамырға дейін ХҚКО-да аталған операцияларға қатысты өтінімдер қабылданбайды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, ХҚКО-ында жылжымайтын мүлікке қатысты операциялар екі аптаға тоқтатылады. Ол «Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры» жаңа ақпараттық жүйеге көшуіне байланысты болмақ. Сөйтіп, 2023 жылғы 26 сәуір мен 9 мамыр аралығында еліміздің ХҚКО-тары:

-жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу;

-міндетті тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлікті тіркеу

-жылжымайтын мүлік объектілерін техникалық тексеру саласында қызметтердің барлық түрлерін көрсетпейтінін хабарлайды.

Мемлекеттік корпорация Қағаз жеткізгіштерде қызметтің орындалуы, әрі құжаттарды жеткізу мерзімінің ұзақтығына байланысты ХҚКО-ында көрсетілетін қызметтерді қабылдау eGov.kz-тен бұрын тоқтатылады. Айта кетейік, қызметке 26 сәуірге дейін тапсырыс берген азаматтар нәтижені көрсетілген мерзімде ала алады. 

​Сонымен қатар, биыл 2-9 мамыр аралығында eGov.kz порталы арқылы:

-жылжымайтын мүлікті ресімдеуге әрі техникалық тексеруге құжаттарды онлайн қабылдау

-нотариустар, салық жүйелері арқылы, екінші деңгейдегі банктер және ҚР Әділет министрлігінің атқарушы органдарының жүйелері бойынша қабылдау тоқтатылады.

Бұдан бөлек, көрсетілген кезеңде азаматтар тұрғын үй бағдарламаларына байланысты қызметтерді пайдалана алмайды.

​«Жаңа жүйеге көшу мереке күндері ұйымдастырылады. Айта кетейік, ЖМБМК-ға көшу кезінде жер учаскелерін ресімдеуге байланысты барлық өмірлік жағдай кезең-кезеңімен цифрланады. Одан бөлек, мемлекеттік қызметтердің барлық спектрін көрсету, оның ішінде жаңа және қолданыстағы учаскелер бойынша түзету енгізу мүмкіндігі көзделген. Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлық қаупіне жол бермеу мақсатында жер учаскелері мен жылжымайтын мүлікті ресімдеуі заңнама тұрғыда қарастырылатын болады», — деді мемлекеттік корпорацияның басқарма төрағасы Сүйеніш Әбділдин.

​Еске сала кетейік, 2023 жылдың 5 сәуірінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастарын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойылды. Мемлекеттік корпорация жер қатынастары саласында мемлекеттік қызметті көрсетуді автоматтандыру мақсатында «жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры» ақпарат жүйесін іске қосу жүріп жатыр. Ақпарат жүйесі екі дерекқордан алынған мәліметтерді қамтиды. Олар:  «жылжымайтын мүлік тіркелімі» мемлекеттік дерекқоры және мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі. Деректер базасынан барлық ақпаратты көшіру аяқталғаннан кейін олар жойылады.

Тағы оқыңыз: Шортан аулаған теріскейлікке 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды

Поделиться:

Shares
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x