Үшінші қарашада, елімізде «Наурыз» атты мемлекеттік жеңілдетілген ипотека бағдарламасы ресми түрде іске қосылды. Бағдарлама аясында қазақстандықтар алғашқы тұрғын үйін небәрі 10% бастапқы жарнамен және жылдық 7%-дан басталатын мөлшерлемемен рәсімдей алады, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Баспана алғысы келетін азаматтар өтінімдерін үшінші қарашадан бірінші желтоқсанға дейін тапсыра алады. Өтініштерді тек онлайн форматта Baspana Market порталы арқылы беру қажет.
Аталмыш бағдарамаға «Отбасы банкінің» салымшылары, депозитінде кемінде 2 миллион теңгесі бар тұрғындар қатыса алады. Сонымен қатар, өзінде және отбасы мүшелерінде соңғы бес жылда үйі болмаған, жасы 18 бен 63 жас аралығындағы қазақстандықтар өтініші бере алады.
Несиелеу шарттары мынадай:
Бастапқы жарна 10% – егер пәтер таза әрлеуде болса;
- 20% – егер пәтер екінші нарықтан немесе қарапайым әрлеуде болса.
Пайыздық мөлшерлеме:
- 7% (ЖТСМ – 7,1%) – әлеуметтік осал топтарға;
- 9% (ЖТСМ – 9,4%) – өзге қатысушыларға.
Қарыз сомасы:
- Аймақтарда – 30 миллион теңгеге дейін;
- Астана мен Алматыда – 36 миллион теңгеге дейін.
Ипотеканы 19 жылға дейін рәсімдеуге болады. Астана, Алматы және облыс орталықтарында – тек жаңа тұрғын үй (құрылыс компаниясынан) алуға болады. Моноқалалар мен ауылдарда – жаңа да, екінші нарықтағы тұрғын үйді сатып алуға болады.
Тұрғын үй таңдау және өтінім беру рәсімі Baspana Market платформасы арқылы жүргізіледі.
Тағы оқыңыз: Президент: Қозыбаев университетінің жобасы химия өнеркәсібіне серпін береді

