Маусымның 23-і күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» заңға қол қойды. Құжат аясында бүгін алғашқы әйел Петропавлда бостандыққа шықты, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

43 жастағы солтүстікқазақстандық келіншек ұрлыққа барған. Сол үшін тоғыз айға сотталыпты. Араға 60 күн салып оған темір есік қайта ашылды. Ол рақымшылыққа ілігіп, жаза мерзімі жеті айға қысқарды. Нәзікжанды өзін асыға күткен жақындарымен қауышты.

Елімізде жарияланған рақымышылық аясында алғашқы әйел Петропавл түрмесінен шықты
Елімізде жарияланған рақымышылық аясында алғашқы әйел Петропавл түрмесінен шықты

«Мен істеген ісіме қатты өкінемін. Бұл жерге енді қайтып келмеймін. Темір тордың ар жағында бостандықтың қадірін ұғындым. Сабақ алдым. Жанұямды сағындым. Рақымшылыққа ілінгеніме өте қуаныштымын»,- дейді бостандыққа шыққан келіншек.

Бүгінде өңірдегі түзету мекемелерінде 1700-ден астам адам жазасын өтеп жатыр. Алдын ала есептеулерге сүйенсек, 250-ге тарта сотталған рақымшылық аясында бостандыққа шығады. Соның 60-қа жуығы — нәзікжанды.

Тағы оқыңыз: Тайыншада жазғы «Ақ бидай» ойындары өтіп жатыр

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *