Қазақстан құрылысшылар одағы төралқасы төрағасының орынбасары Валерий Лакисов, жалға берілетін пәтер құнын өсіруді ұсынды. Ол құрылыс компанияларының шығынсыз жұмыс істеуіне қажет екен, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі Massaget.kz сілтеме жасап.

Бүгінде жалға берілетін пәтердің бағасын бір шаршы метріне 320 мың теңгеден 360-380 мың теңгеге дейін көтеру керек. Бұл туралы Қазақстан құрылысшылар одағы төралқасы төрағасының орынбасары Валерий Лакисов айтты.

«Жергілікті атқарушы органдар тарапынан жөндеу жұмыстары жүргізілген үйлерге сұраныс бар. Содан кейін олар жалға беріледі. Бүгінде Қазақстан тұрғын үй компаниясының мәліметінше, жалға берілетін тұрғын үйдің тапшылығы – шамамен 125 мың шаршы метр. Бұл механизм қажет. Себебі ол халықтың әлеуметтік осал тобына жататындарға пәтерді қолайлы бағамен алуға мүмкіндік береді», – деді Валерий Лакисов.

Оның айтуынша, құрылыс компанияларына мұндай тұрғын үйлерді салу тиімсіз.

«Қазір бұл үйлердің шаршы метрінің бағасы құрылыс компаниялар қажет бағадан төмен. Аталған жағдай мәселе тудырады. Себебі мұндағы баға нарықтағы бағадан төмен. Cондай-ақ алдымен пәтерде жөндеу жұмысы жүргізіліп, содан кейін иесіне берілуі керек. Мұнда әрлеу материалдарының бағасы ескерілмейді. Құрылысшылар одағы жалға берілетін тұрғын үйдің сатып алу құнын 380 мың теңгеге көтеруді ұсынады»-деді Валерий Лакисов.

Спикердің айтуынша, бұл сан жергілікті атқарушы билікке алдағы уақытта салынатын жалға берілетін үйді төмен бағаға сатып алуға мүмкіндік береді, ал құрылыс компаниясы шығынсыз дами алады. Өңірлерде жалға берілетін үйдің бір шаршы метрі кем дегенде 360 мың теңге болуы шарт, деп отыр.

Тағы оқыңыз: СҚО-да тоғыз мыңға жуық отбасы өмірлік қиын жағдайға тап болған

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x