Қазақстанда жаңа құрылыс кодексі жыл соңына дейін қабылдануы қажет, деп жазады Qazaqstan Media.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында тұрғын үй құрылысы саласына айрықша назар аударды. Президенттің айтуынша, соңғы жылдары бұл сала жоғары қарқын көрсетіп отыр. 2024 жылы 19 миллион шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген.

«Құрылыс сапасын арттыру үшін жасанды интеллект технологияларын қолдана отырып, ғимараттардың ақпараттық модельдеуді енгізу маңызды. Үкімет ұлттық цифрлық платформаны іске қосуы тиіс. Бұл платформа құрылыс үдерісінің барлық кезеңінде бірыңғай есеп жүргізуді, жоспарлауды және мониторингті қамтамасыз етеді», – деді президент.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа құрылыс кодексін қабылдауды тапсырды.

«Құрылыс саласының орнықты, ашық әрі қауіпсіз дамуына берік заңнамалық негізді жаңа құрылыс кодексі қалайды. Аталған құжатты жыл соңына дейін қабылдау қажет. Осы орайда депутаттардың қолдау көрсетуін сұраймын», – деді мемлекет басшысы.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі құрылады

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *