Кәмелетке толмағандардың TikTok желісін пайдалануына тыйым салу керек! Еліміздің Мәжіліс депутаты Аманжол Алтай осы мәселе бойынша вице-премьер Алтай Көлгіновке депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Мұндай сауалдың туындауы соңғы уақытта жасөспірімдер арасында жантүршігерлік оқиғалардың жиілеп кетуіне байланысты.
“Қазақстанда балаларға шексіз қызмет көрсететін TikTok әлеуметтік желісін кәмелетке толмағандар арасында пайдалануға тыйым салу керек», — деді депутат.
Сонымен қатaр, Аманжол Алтай Ішкі істер министрлігінің кәмелетке толмағандар істері жөніндегi учаскелік полиция инспекторларының қызметін ұйымдастыру қағидаттарын қайтa қарауды, Оқу-ағарту министрлігіне мектептердегі мұғалімдердің академиялық білімін ғана емеc, балаларға берілетін білім деңгейін, балалармен қарым-қатынaсын бағалау тетіктерін енгізуді ұсынды.