Қазақстанда тамызда өтетін ҰБТ басталды. Ол 14 тамызға дейін жалғасады. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігі хабарлады, деп жазады Qazaqstan Media.

Министрлік мәліметінше, тестілеуге қатысу үшін 28 мыңға жуық өтініш қабылданды.

«ҰБТ-ға қатысушылардың 65%-ға жуығы қазақ тілінде, 35%-ы орыс тілінде, 89 адам ағылшын тілінде тест тапсыруға ниет білдірді. Өткізудің бірінші күні 2,2 мың адам ҰБТ тапсырады», — делінген хабарламада.

Тамыз айындағы ҰБТ-ға ағымдағы және өткен жылғы мектеп және колледж түлектері, қандастар (ҚР азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ азаматтар), шетелде білім алған орта білім беру ұйымдарының бітірушілері, шығармашылық мамандықтардан басқа мамандықтарға, басқа мамандықтардан педагогикалық бағыттарға ауысқысы келетін студенттер және жоғары оқу орындарына шартты түрде қабылданған студенттер қатысады.

ЖОО-да ақылы негізде өз мамандығы бойынша оқуды жалғастыруды жоспарлап отырған колледж түлектері оқуға әңгімелесу қорытындысы бойынша қабылданады. Бұл ретте оқуға қабылдауды оқу орындарының  қабылдау комиссиялары жүзеге асырады.

Тағы оқыңыз: М.Жұмабаев ауданында спартакиадаға барған төрт адам донерден уланып, ауруханаға түсті

 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *