Елімізде несие беру тәртібі өзгереді

Елімізде несие беру тәртібі өзгеріп, шарттары қатаңдайды. Мәселен енді банк алдындағы берешегін 90 күннен кешіктіргендер қайта қарыз ала алмайды. Тиісті заңға Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Деректер бойынша, қазір ел азаматтары банктерге белшеден қарыз. Несие көлемі жылдан жылға артып, 17 трилллион 800 миллиард теңгеге жетті. Бір триллионға жуық несие бойынша төлем 90 күннен кешіктірілген.

Енді жаңа заңға сай, берешегін 90 күннен кешіктіріп жүргендерге кепілсіз несие беруге тыйым салынады. Әрі несиесі бар жігіттер отан алдындағы борышын өтеп жүргенде және демобилизациядан кейін 2 ай бойы қарызына өсімпұл есептелмейді.

Қазір азаматтар несиесін төлемей жүрсе, банктер бас қатырмайды. Коллекторлық агенттіктерге бере салады. Олар кейін клиенттен қарызды артығымен өндіріп алып жатады. Енді мұндайға жол жоқ.

Азаматтардың қарызын 2026 жылдың мамырына дейін коллекторларға беруге тыйым салынды. Коллекторларға несиені беру тәртібі қатаяды. Яғни клиент несиесін 24 ай бойы төлемеген болып, оның берешегіне оңтайландыру жүргізілген болуы тиіс. Егер ол да көмектеспесе, коллекторларға беруге рұқсат.

Бұдан бөлек, қазір онлайн несие рәсімдейтін алаяқтар қаптап кетті. Енді жаңа заңға сай, микро несие алу үшін міндетті түрде биометриялық сәйкестендіруден өту қажет. Әрі әйелінің не күйеуінің рұқсаты болуы тиіс. Бұл норманың техникалық жағынан қалай іске асатыны қазір қаралып жатыр дейді мамандар.

Сондай-ақ бұдан былай несиені алаяқтардың рәсімдегені дәлелденсе, ол кешіріледі. Заңға Президент қол қойды. Енді ол 60 күннен кейін күшіне енеді.

Тағы оқыңыз:Жеке тұлғалардың көлік салығы төмендеуі мүмкін

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x