Елімізде ұзақ мерзімге демалысқа шығатын жұмысшыларға төленетін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына қаражат аударудың тәртібі өзгерді, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Енді бухгалтерлер әр қызметкердің демалған айына төлемді теңдей бөлу керек. Мысалы, жұмысшының ақылы еңбек демалысы екі айға созылса, төлем оның жұмысқа келмеген уақыттарына пропорционалды түрде бөлінеді. Сонда қызметкерге 12 ай бойы төлем жүріп тұрады. Тиісінше, медициналық сақтандыру қорына қарыз болмайды.
Қор өкілдерінің мәліметінше, көбіне есепшілер дәл осылай ұзақ уақытқа демалысқа шыққан жұмысшылардың төлемін есептегенде қателеседі. Былтыр соның кесірінен 190 мыңға жуық адам медициналық сақтандыру қорына берешек болған.
Тағы оқыңыз:Тайынша ауданында стадион жаңартылып жатыр