Бірінші мамырдан бастап бастап жедел жәрдем қызметінің жұмысына өзгерістер енгізіледі. Бұл өзгерістер емханалардағы мобилдік бригадалардың жұмысына қатысты. Өзгерістер жедел жәрдемнің келуін ұзақ күту бойынша азаматтардың шағымдарынан кейін жасалып отыр, деп жазады Qazaqstan Media.
Жеделділіктің 4-санатындағы шақыртулар пациенттің өмірі мен денсаулығына тікелей және ықтимал қауіп төндірмейтін, бірақ медициналық араласуды қажет етеді.
Сонымен, мамыр айынан бастап не өзгереді:
- емханалардың жанындағы мобилдік бригадалар жұмыс уақытында — 8:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейтін болады;
- өмірге қауіп төндірмейтін жеделдіктің 4-санатындағы шақыртулар (мысалы, жоғары қысым, температура, жеңіл жарақаттар) емханалардың жұмыс уақытында МСАК мобилдік бригадаларына қайта бағытталатын болады;
- 20: 00-ден кейін және демалыс күндері барлық шақыртуларға, соның ішінде 4-санатқа, бұрынғыдай, жедел жәрдем бригадалары қызмет көрсетеді.
МСАК мобилдік бригадалары 25 мың тұрғынға бір бригада есебінен құрылады. Пациенттің тұрғылықты жеріне қарамастан нақты келген жері бойынша жұмыс істейді. Қажет болған жағдайда мобилдік бригадалармен бірге арнайы бағыттағы мамандар да қатысады.
Жедел жәрдемді шақыру механизмі өзгеріссіз қалады. Азаматтар тәуліктің кез келген уақытында 103 нөмірін теру арқылы шұғыл медициналық көмекке қоңырау шала алады.
МСАК мобилдік бригадасының шақыртуға келу уақыты — 60 минутқа дейін. Алғашқы үш санаттағы шақыртулар үшін нормативтер: бірінші санат — 10 минут, екінші санат — 15 минут, үшінші санат — 30 минут.
Тағы оқыңыз: СҚО атынан шығып жүрген әлем чемпионы Нұрқожа Қайпанов Алматыға ауысты