көктемгі аң аулау маусымы

Сәуірдің 22-нен бастап ел аумағында көктемгі аң аулау маусымы басталады. Биылғы жылы аңшыларға жабайы және аталық үйрек аулауға рұқсат етілді. Аң аулау маусымы 2023 жылдың 6 мамырына дейін жалғасады. Айта кетейік, өңірімізде рұқсат етілген 42 аңшылық шаруашылығы бар, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Көктемгі аң аулау маусымында аңшыларға 2 мыңға жуық үйректі атуға рұқсат беріледі. Аң аулауға шыққан жанның аңшылық куәлігі, сонымен қатар аңшылық шарушалығы субьектісінің жолдамасы және қару ұстауға рұқсаты болуы қажет. Егерде рұқсат беру құжаттары болмаған жағдайда аңшылардың іс-әрекеттері браконьерлік ретінде бағаланып, жауапкершілікке тартылады.

«Бұрын аңшы болғысы келетін азаматтар 18 жастан бастап дайындық процедурасынан өте алатын, енді мұндай құқық тек 21 жастан бастап беріледі. Аң аулау ережелерін бұзғаны үшін 17 мың теңгеден астам айыппұл салынуы мүмкін. Сонымен қатар, заңсыз ауланған әрбір үйрек үшін 25 мың теңгеден астам айыппұл төлеу қажет», — дейді СҚО бойынша орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы бөлімінің басшысы Олег Беспалов.

 

Тағы оқыңыз:Дәрігер кеңесі онлайн режимде қолжетімді болмақ

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x