Елімізде ірі бизнес-орталықтарын  Wi-Fi желісімен қамтамасыз ету заңмен міндеттелмек

Қазақстанның сауда, ірі бизнес орталықтары келушілерді сапалы Wi-Fi желісімен қамтамасыз етуі тиіс. Бұл туралы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асхат Оразбек мәлімдеді, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асхат Оразбек сауда орталықтарындағы интернеттің нашар екендігін сенат отырысында айтты. Ол енді сауда орталықтары мен тамақтану орындарында Wi-Fi желісінің сапалы болуы заңмен қарастырылатындығын жеткізді.

«Мен, сіздер сияқты, байланыс мәселелерімен бетпе-бет келемін, әсіресе қоғамдық тамақтану орындары мен ірі СОО-да Wi-Fi желілері сапасыз салынған. Біздің келесі қадамымыз осы бағытта болады деп ойлаймын. Заң жобасы аясында біз ірі бизнес-орталықтарды Wi-Fi желісімен қамтамасыз етуге міндеттейтін боламыз. Біз бұл сапаны бақылауда ұстаймыз», — деп түсіндірді Асхат Оразбек.

Тағы оқыңыз: Петропавлда 56 жастағы әйел бесінші қабаттан құлап кеткен

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *