Елімізде фермерлерді мемлекет тарапынан қаржыландырудың жаңа шарттары белгіленді

Өңірлік коммуникациялар қызметінде фермерлерге ақша бөлетін «Кең дала 2» бағдарламасының тиімді тұстары айтылды. Мысалы, осыған дейін несиелер қысқа мерзімге беріліп, оларды желтоқсанға дейін өтеу қажет болса, қазір қарызды өтеу мерзімі ұзартылды. Қарыздың жартысын бірінші желтоқсанға дейін өтеп, қалғанын келесі жылдың наурызына дейін төлеуге болады. Бұл шарушаларға астықты барынша ұтымды бағамен сатуға мүмкіндік береді, деп жазады Qazaqstan Media.

Соңғы үш жылда Аграрлық несие корпорациясы «Кең дала» бағдарламасы аясында жыл сайын көктемгі және күзгі дала жұмыстарына 140 млрд теңге қаржы беріп келеді. Биыл қосымша қаржыландыру 300 млрд теңгеге өсті. Шаруаларды қаржыландурға қатысты қабылданған «Кең дала 2» бағдарламасының шарттары мынадай:
Біріншіден, қарыз алушылар үшін жеңілдетілген жылдық сыйақы мөлшерлемесі 5% деңгейінде болады. Бұған дейін фермерлер пайыздық мөлшерлемені қысқарту үшін және субсидия алу үшін жергілікті жерлердегі ауыл шаруашылығы басқармаларына жүгінуге мәжбүр болды. Жаңа міндеттемелерге қол қойып, қаржының бөлінгенін күтетін. Енді кәсіпкер қандай да бір қосымша рәсімдерсіз мөлшерлемесі төмендетілген несиеге қол жеткізе алады.

«Екіншіден,  фермерлердің «Кең дала 2» бағдарламасы бойынша алған қарыз сомасының 85%-н «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры кепілдендіретін болады. Осылайша,  шаруалар алатын несие сомасының 15%-на кепілдік қойса жеткілікті.Үшіншіден, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге  несие алуға болатын ұйымдардың тізімі әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялармен, микроқаржы ұйымдарымен және өңірлік инвестициялық орталықтармен толықтырылды»,- деп нақтылады «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Марлен Нәбиев.

Бұған дейін ол тізімге тек Аграрлық несие корпорациясы мен кредиттік серіктестіктер және екінші деңгейлі банктер кірген еді. Сонымен қатар брифингте диқандарға көрсетілген өзге де жеңілдіктер жайлы айтылды. Былтыр ауа райына байланысты біраз шаруалар шығынға ұшырап, қарыздары өтеулері қиын болды. Оларды қолдау үшін жалпы сомасы 58 миллиард теңге болатын қарыз төлемі кейінге шегеріліпті.

«Биыл мемлекет басшысы су тасқынынан зардап шеккен фермерлерді қолдау жөнінде тапсырма берді. Соған сәйкес Аграрлық несие корпорациясы мен оның еншілес компаниясы «ҚазАгроҚаржы» АҚ клиенттер үшін төлемдерді кейінге шегеру шартын бекітті. 2024 жылғы кестелер бойынша барлық төлемдер 2025 жылдан бастап қаржыландыру мерзімінің соңына дейінгі төлемдерге теңдей бөлінеді. Ал 2024 — 2025 жылдары қарыз мерзімі аяқталатын жобалар бойынша қызмет бағытына байланысты 24 айға дейінгі мерзімге шегерілетін болады», — деп түсіндірді «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Марлен Нәбиев.

Су тасқынынан зардап шеккен фермерлерге несие төлемдерін кешіктіргендері үшін айыппұл мен өсімпұл есептелмейді. Бүгінгі таңда су тасқынынан зардап шеккен 64 фермердің 170 млн теңгеден астам сомадаға қарызы кейінге шегерілді.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда шетелдік бағдарламаларды көрсету 10% – ға азаяды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x