[et_pb_section fb_built=»1″ admin_label=»section» _builder_version=»4.16″ global_colors_info=»{}»][et_pb_row admin_label=»row» _builder_version=»4.16″ background_size=»initial» background_position=»top_left» background_repeat=»repeat» global_colors_info=»{}»][et_pb_column type=»4_4″ _builder_version=»4.16″ custom_padding=»|||» global_colors_info=»{}» custom_padding__hover=»|||»][et_pb_image src=»https://qaz-media.kz/wp-content/uploads/2023/03/sovremennye-praktiki-soczialnoj-raboty-1.jpg» _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» align=»center» hover_enabled=»0″ sticky_enabled=»0″][/et_pb_image][et_pb_text _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» global_colors_info=»{}»]
Бүгіндері Қазақстанда ерекше қажеттіліктері бар 700 мыңнан астам адам бар. Биыл оларға берілетін жәрдемақы көлемі артпақ, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Президент ерекше қажеттіліктері бар және оларға күтім жасайтын адамдарды қолдау шараларын күшейту қажеттігін де айтып өтті. Сондай-ақ, асыраушысынан айырылған азаматтарды да назардан тыс қалдырмау қажет.
«Олар жоғары инфляцияның әсерін, атап айтқанда азық-түлік пен дәрі-дәрмек бағасының өсуін қатты сезінеді. Осыған байланысты Үкіметке осы жылдың 1 қыркүйектен бастап осы санаттағы адамдардың жәрдемақысын 14,5% — ға арттыруды тапсырамын», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында.
[/et_pb_text][/et_pb_column][/et_pb_row][/et_pb_section]