Елімізде егде жастағы адамдардың ең жоғары үлесі СҚО-да

Қазақстанда Биллетер индексі екінші жыл қатарынан төмендеп келеді. Бұл – халықтың қартаю дәрежесін көрсететін маңызды демографиялық көрсеткіш, деп хабарлайды  Qazaqstan Media тілшісі  Stan.kz ақпарат агенттігі сілтеме жасап.

14 жасқа дейінгі балалар мен 50 жастан асқан адамдар санының репродуктивті жастағы (15 жастан 49 жасқа дейінгі) азаматтардың санына қатынасы ретінде есептеледі. Егер кәмелетке толмағандардың үлесі егде топтағы адамдардан көп болса, жағдай жақсы, ал егде жастағылар көп болса, жағдай нашар

Елімізде Биллетер индексін 2019 жылдан бастап ұлттық статистика бюросының мамандары есептеп келеді, содан бері ол тек оң мәндерге ие болды. Алайда 2022 жылдан бастап индекс төмендеген. 2021 жылы 14,3-тен 12,8-ге, ал бір жылдан кейін 11,6-ға дейін төмендеді. 2023 жылдың соңында бұл көрсеткіш одан да нашар болып шықты.

20 әкімшілік аумақтық бірліктердің 8-де Биллетер көрсеткіші теріс. Оларға солтүстік, шығыс және кейбір орталық аймақтар жатады. Демографтар бұл аймақтарда халықтың қартаю процесі белсенді жүріп жатқанын айтты. Ең кәрі халық Солтүстік Қазақстан облысында (минус 32,9), одан кейін Шығыс Қазақстан облысында (минус 29,5) және Қостанай облысында (минус 24,8) тіркелді.

Кейбір аймақтардағы жас санаттары бойынша демографиялық алшақтықтардың тағы бір себебі – халықтың көшіп кетуі. Солтүстік және шығыс аймақтарда көші-қон сальдосы теріс, яғни келгеннен кеткендер көп.

Билеттер индексі – көптеген елдердің ұлттың қартаю процесін бағалау үшін қолданатын халықаралық статистикалық көрсеткіш. Қазақстанда халық салыстырмалы түрде жас саналады, бірақ жұмысшыларға демографиялық жүктеме жоғары. Балалар мен қарттардың жиынтық үлесі 2023 жылы 42,8% болды. Еңбекке қабілетті жастағы әрбір үш ересек қазақстандықтың асырауында екі адам бар.

Соңғы бір жылда елдегі зейнеткерлердің үлесі 11,4%-дан 11,8%-ға дейін өскен. 2024 жылдың басында Қазақстада 2,4 миллион зейнеткер болды. Бұл ретте балалардың үлесі 31,2%-дан 31%-ға дейін төмендеді. Балалардың саны – 6,2 миллион.

Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарында тек зейнеткерлік жас тобы ғана өсіп жатыр, ал балалар мен жұмысшылар азайып барады. Бұл еңбекке жарамды халықтың аз екенін көрсетеді.

Егде жастағы адамдардың ең жоғары үлесі Шығыс Қазақстан облысында – 20%-ға жуық. Солтүстік Қазақстанда зейнеткерлердің үлесі – 19,4%.

Тағы оқыңыз:Петропавлда ұзындығы 2,5 шақырымдық бөгет құм салынған қаптардан тазартылды

 

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x