Қазақстанда докторантура емтиханына қатысуға өтініш қабылдау басталды. Науқан тамыздың үшіне дейін жалғасады, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Емтихан 4-20 тамыз аралығында өтеді. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігі хабарлады. Өтініштер Ұлттық тестілеу орталығының сайтында қабылданады. Айта кету керек, үміткер тек бір жоғары оқу орнын таңдай алады. Тестілеуді өткізу орны мен уақыты туралы ақпарат түсушінің жеке кабинетінде 9 тамызда жарияланады.

Білім деңгейін тексеру сынағына әңгімелесу, эссе жазу және білім беру бағдарламасы бойынша емтихан кіреді. Түсу емтиханының ең жоғары көрсеткіші 100 балл. Оның ішіндегі әңгімелесу — 30 балл, эссе — 20 балл және бейінді пән бойынша емтихан сұрақтары 50 баллды құрайды. Қоса кетейік, мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша конкурсқа қатысу үшін және ақылы негізде докторантуға түсу үшін 75 ұпай жинау қажет.

Тағы оқыңыз: Қызылжар ауданында облыстың белсенді жастары бас қосты

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *