Мәжілісте балалардың құқықтары мен әл-ауқатын қорғау мәселесі тағы да көтерілді. Мәжіліс депутаты Кенжегүл Сейтжан Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне Балаларды қорғау күнін мемлекеттік мереке ретінде бекітіп, оны ресми демалыс күні ету туралы ұсыныс жолдады, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі Sputnik  сайтына сілтеме жасап.

Депутаттың айтуынша, бұл бастама отбасы құндылықтарын нығайтып, отбасылық институтты күшейтуге жол ашады. Ата-аналар үшін бұл — балаларына көбірек уақыт бөлуге мүмкіндік береді.

«Бүгінде Қазақстан адам капиталының дамуына және жаңа ұрпақты дұрыс тәрбиелеуге басымдық беріп отыр. Балаларды қорғау күнін мемлекеттік деңгейде атап өту осы басымдықтарды қоғамдық санада бекітуге сеп болмақ», — деді депутат.

Көптеген мемлекеттерде Балаларды қорғау күні  бірінші маусымда аталып өтеді. Бірақ бұл күн барлық жерде ресми демалыс емес. Дегенмен, кейбір елдерде мұндай бастамалар сәтті жүзеге асырылып, балаларды қорғау мен отбасыларды қолдау жөніндегі мемлекеттік саясаттың бір бөлігіне айналған.

Егер министрлік бұл ұсынысты қолдаса, тиісті заңнамалық өзгерістер дайындалып, Парламентте қарастырылатын болады.

Тағы оқыңыз: 15 мамыр — Халықаралық Отбасы күні

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *