Бүгін үкімет отырысында премьер-министр еліміздегі сауда қызметін цифрландыру бойынша нақты тапсырмалар берді, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Премьер-министр Олжас Бектенов Қазақстандағы бүкіл сауда қызметін, оның ішінде базарлар мен үй маңындағы шағын дүкендердің жұмысын цифрландыру бойынша нақты ұсыныстар мен шаралар әзірлеу керектігін айтты. Үкімет отырысында ол тиісті ведомствоға бірқатар тапсырмалар жүктеді.  

«Әділет және Цифрлық даму министрліктерімен бірлесіп, ақпан айының соңына дейін тұтынушылардың электрондық саудадағы құқықтарын қорғау деңгейін арттыру бойынша нақты шаралар әзірленуі тиіс. Бұл жұмысты өнімнің сапасына, зияткерлік меншікті және азаматтардың дербес деректерін қорғауға басымдық бере отырып жүргізу керек. Министрлік мүдделі мемлекеттік органдармен және бизнес-қоғамдастықпен бірлесіп, наурыз айының соңына дейін ел ішінде, сол сияқты халықаралық деңгейде тауарларды жеткізудің тиімді тізбектерін қалыптастыруы қажет», — деді үкімет басшысы. 

 Тағы оқыңыз: СҚО-да бүтін бір отбасы газдан уланып, ауруханаға жеткізілді

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *