[et_pb_section fb_built=»1″ admin_label=»section» _builder_version=»4.16″ global_colors_info=»{}»][et_pb_row admin_label=»row» _builder_version=»4.16″ background_size=»initial» background_position=»top_left» background_repeat=»repeat» global_colors_info=»{}»][et_pb_column type=»4_4″ _builder_version=»4.16″ custom_padding=»|||» global_colors_info=»{}» custom_padding__hover=»|||»][dsm_perspective_image src=»https://qaz-media.kz/wp-content/uploads/2023/03/img-9239.jpg» align=»center» _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» global_colors_info=»{}»][/dsm_perspective_image][et_pb_text _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» global_colors_info=»{}»]
Алдағы уақытта елімізде балаларға арналған 50 оқу-сауықтыру және 100 ірі ойын-сауық орталығын салу жоспарланып отыр. Шәкірттерді мектептен тыс жұмыстармен, балалардың шығармашылық және зияткерлік дамуына арналған ірі орталықтар ашу мәселелері ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Алтай Көлгіновтің төрағалығымен өткен кеңесте талқыланды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Қазақстанда оқушылардың шығармашылық және зияткерлік дамуына, білім алып, жақсы демалуына, бос уақытын пайдалы өткізуіне арналған нысандар тұрғызу немесе ескілерін реконструкциялау бойынша жұмыстар жанданып жатыр. Еліміздің Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, қазір бізде балаларға арналған 218 сауықтыру орталығы жұмыс істейді. Олардың 120-сы – мемлекеттік, 98-і – жеке меншік.
«2027 жылға дейін барлық облыста заманауи оқу-сауықтыру орталықтары ашылмақ. Олардың ашылуы балаларды қамту көрсеткішін айтарлықтай ұлғайтатын болады. Жазғы орталықтардағы көрсеткіш жыл сайын 25%-ға өседі деп күтілуде (2022 жылы аталған орталықтарда 178 мың бала демалды). Ал жыл бойы жұмыс жасайтын орталықтардағы қамту көрсеткіші 2 есе өседі (2022 жылы 77 мың бала қамтылмақ)», — деп жариялады ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі.
Қаржы жергілікті атқарушы органдардың бюджетінен жан басына шаққандағы қаржыландыру жүйесі арқылы бөлінеді және бұл салаға инвесторларды тарту да көзделіп отыр. Балалардың шығармашылық және зияткерлік дамуына арналған 100 нысанның (оқушылар сарайы) құрылысы республикалық бюджет есебінен іске асыралады. Жиында ауыл мектептерінде комьюнити-орталықтар ашу және ескі мектептен тыс ұйымдарды жаңғырту жоспарда екені айтылды. Кеңес қорытындысы бойынша бұл мақсатта Жол картасын бекітіп, жер учаскелерін бөлу шараларын қабылдау туралы тапсырма берілді. Сондай-ақ, қысқа мерзімде балалар сауықтыру орталықтары мен ірі қосымша білім беру объектілерін салу, ескі объектілерді реконструкциялау немесе қайта форматтау үшін жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу міндеттелді.
[/et_pb_text][/et_pb_column][/et_pb_row][/et_pb_section]