Елімізде 400 мыңнан астам балаға материалдық көмек көрсетіледі

Биыл халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан 400 мыңнан астам баланы мектепке дайындау үшін  материалдық көмек көрсетіледі. Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Қаржы әр баланы мектеп формасымен, қажетті оқу құралдарымен қамтамасыз етуге бағытталмақ.  Материалдық көмектің ең төменгі мөлшері– 40 567 теңгені құрайды. Барлық ақша аударымдары ата-аналардың карточкалық шоттары арқылы жүзеге асырылады.

«Қаражат ата-аналарға балалармен бірге мектеп формасын, аяқ киімді, кеңсе тауарларын өздері таңдап алу үшін беріледі. Қабылданған өзгерістер ата — аналар мен балаларға жеткізушілерді өз бетінше таңдауға мүмкіндік береді», — дейді Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Жолдас Батырхан.

Мұқтаж отбасыларға материалдық көмек көрсету және балаларды 100% қамтамасыз ету үшін жалпыға бірдей міндетті орта білім беру қоры жұмыс істейді.

«Жалпыға бірдей оқыту» қоры:

— атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардан шыққан балаларға;

— жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардан шыққан балаларға;

— жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға;

— төтенше жағдайға тап болған оқушылар (оның ішінде Абай облысындағы апаттан қаза тапқан орманшылардың балалары бар) материалдық көмек көрсетеді.

Тағы оқыңыз: Зейнетақы қорындағы қаражатты қолдану аясы кеңейтілді

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x