Санаулы күннен кейін көптен күткен оқу жылы басталады. Елімізде жаңа науқанға арналған оқу мерзімі, каникул уақыты және қорытынды аттестация кестесі бекітілді, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Оқу процесі 2025 жылғы екінші қыркүйекте басталып, 2026 жылғы 25 мамырда аяқталады. Білім күніне арналған салтанатты жиынның уақыты мен күні мектептің педагогикалық кеңесінің шешімімен белгіленеді.
Бірінші тоқсан сегіз аптаға созылады. Күзгі каникул жиырма жетінші қазаннан екінші қарашаға дейін жалғасады. Екінші тоқсан сегіз оқу аптасынан тұрады. Қысқы каникул 2025 жылғы 29 желтоқсанда басталып, 2026 жылғы 7 қаңтарды қоса алғандағы 10 күнге жалғасады.
Бірінші сынып оқушылары үшін қосымша демалыс 2026 жылғы 9 ақпаннан 15 ақпанды қоса алғандағы жеті күнді құрайды. Үшінші тоқсан 10 оқу аптасынан тұрады. Оқушылар үшін ең ұзақ науқан осы болмақ. Көктемгі каникул 2026 жылғы 19 наурызда басталып, 29 наурызда аяқталады.
Төртінші тоқсандағы оқу мерзімі жоғарыдағылар сияқты сегіз аптаға созылады. Оқу жылы 2026 жылдың 25 мамырында аяқталады.
Тағы оқыңыз: СҚО-да жолда Audi 100 көлігі аударылып, ер адам ауыр жарақат алды