Президент тапсырмасы бойынша Қазақстанда «Әкімдер мектебі» жобасы іске қосылады. Оны мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында айтты. Ол алға қойылған міндеттерді жүзеге асыру үшін тұтас мемлекеттік аппарат тиімді жұмыс істеуі керек деген пікірде, деп жазады Qazaqstan Media.

«Әкімдер мектебі» жобасы әкімдерді тікелей сайлауға қытысты  болып отыр. Себебі, оның нәтижесінде мемлекеттік қызметшілердің жаңа санаты билікке келеді. Бұл шамамен екі жарым мыңнан астам басшы екен.

«Олардың арасында бұрын мемлекеттік қызметте жұмыс істемеген азаматтар, соның ішінде жастар көп. Сол себепті сайланған әкімдер мен түрлі деңгейдегі басшыларды кешенді дайындықтан өткізу мәселесі өте өзекті болып тұр. Үкіметке мемлекеттік қызмет істері агенттігімен бірлесіп, «Әкімдер мектебі» оқыту жобасын іске қосуды тапсырамын. Бұл ретте осындай жұмысты жүргізіп жатқан Аmanat партиясының тәжірибесін ескерген жөн», – деді Тоқаев.

Президенттің сөзінше, мемлекеттік аппараттың басты міндеті – азаматтарды толғандыратын өзекті мәселелерді шешу.

«Ол үшін, ең алдымен, азаматтармен ұдайы байланыста болу керек. Онсыз болмайды. Сондықтан халықтан келіп түсетін өтініштерге айрықша назар аудару қажет. Былтырдың өзінде президент әкімшілігіне 50 мыңнан астам өтініш келіп түскен, ал еліміздегі барлық мемлекеттік органдарға шамамен төрт миллион өтініш жолданған. Бұл көрсеткіш жылдан жылға көбейіп жатыр. Бір жағынан, бұл жұрттың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына сенетінін көрсетеді. Алайда, сонымен бірге, бұл олардың өтініштері мен мәселелері мемлекеттік органдардың күнделікті жұмысы барысында шешімін таппай жатқанын аңғартады. Сондықтан олқылықтар мен кемшіліктерді жою үшін тиянақты жұмыс жүргізу қажет. Әдетте азаматтардың өтініштерінің артында адам тағдыры тұрады, сондықтан, бұл жерде барлық құзырлы органдар жұмыла жұмыс істеуге тиіс», – деді мемлекет басшысы.

Тағы оқыңыз: Солтүстік Қазақстан облысында алғашқы мопед тіркелді

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *