Енді 10 жылдан көп жүрген темір тұлпарларға 30%, 20 жылдан асқандарға 50% дейін жеңілдік беріледі, деп хабарлайды QM тілшісі 24.kz арнасына сілтеме жасап.

Өзгерістер жаңа Салық кодексінде қаралған.  Ол қаңтар айынан бастап күшіне енеді. Қозғалтқыш көлемі үлкен көліктерге салынатын қосымша салық алынады. Осы уақытқа дейін қозғалтқышы үш литрден асатын көлік иелері төлемді көбірек төлейтін. Енді бәріне бірдей болады.

«Көлемі 3-тен жоғары автокөліктерге біз қарайтынбыз. 2013 жылдан кейін тіркелген немесе шығарылған автокөліктерге үлкен мөлшерде салық есептерін есептейтінбіз. Ал одан төменгілері бұрынғыша салық нормаларымен есептелетін. Қазір ол нормалар алынып тасталды. Барлығына бірдей есептеледі»,-дейді ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің бас сарапшысы Жандос Төлегенов.

Ал қымбат көлік иелері қосымша салық төлеуге тиіс. Егер техника құны 75 миллион теңгеден, ал ұшақ немесе кеме бағасы 100 миллион теңгеден асса, 10% көлемінде бірреттік акциз талап етіледі.

Тағы оқыңыз: ҚР Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов Петропавл қаласының тұрғындарымен кездесті

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *