Ел азаматтары құжаттарына өзгеріс енгізе алады

Қазақстандықтарға eGov.kz «Электроннық үкімет» порталында өздері туу туралы куәлікке, аты-жөнін өзгертуге, неке қию және ажырасу, бала асырап алу туралы актілік жазбаларға өзгерістер енгізу мүмкіндігі берілді, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Жаңа қызмет жеткілікті негіздер болған жағдайда және мүдделі тұлғалар арасында дау болмаған кезде құжаттарға жоспарлы өзгерістер енгізуді (қате енгізілмеген өзгерістер) көздейді. Мәселен, атын, тегін, және әкесінің атын өзгерту.

«Азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгзу» жаңа қызметінің көмегімен актілік жазбаларға өзгерістер енгізу және құжаттарды қайта шығару үшін негіздемелерді көрсетіп, растайтын құжаттарды қосып өтінім беруге болады.

Құжаттарға төмендегі жағдайларда өзгерістер енгізуге болады:

атын және тегін, әкесінің атын өзгерткенде;

әке болу туралы сот шешімінің күші жойылғанда;

некеде тұрмаған ананың туу туралы актілерді тіркеу кітабына баланың әкесі туралы мәліметтер енгізу жөніндегі өтініштің;

егер азаматтық хал актісін тіркеу кезінде қателер (бұрмалаулар, мәліметтерді немесе жекелеген сөздердітастап кету) жіберілген болса;

азаматтық хал актілері жазбаларындағы қателер сот тәртібімен анықталғанда;

некені бұзуға немесе некенің жарамсыз деп тануға байланысты ерінің (зайыбының) тегі өзгертілгенде;

ұл (қыз) асырап алудың күшін жою немесе оның күші жоқ деп тану, сондай-ақ некенің күші жоқ деп тану туралы сот шешіміне байланысты;

ұлты өзгерген жағдайда;

ата-ананың арасындағы некенің тоқтатылуына немесе некенің жарамсыз танылуына байланысты кәмелетке толмаған баланың тегін өзгерткенде және т.б.

«Қазақстандықтардың біразы eGov.kz порталында актілік жазбаларға өз бетінше өзгеріс енгізуге болатынын біле бермейді. Негізі азаматтар туу туралы, неке қию туралы және некені бұзу туралы куәліктер секілді құжаттарға енгізілген өзгерістерді қоса алып, оларды қайта шығаруға өтініш беруге болады. Мәселен, егер бұрын адамның тегін өзгерту үшін Халыққа қызмет көрсету орталығына бару керек болса, қазір оны электронды түрде жасауға болады және ол үшін кезекте тұрудың қажеті жоқ»,- деді «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма Төрағасы Ростислав Коняшкин.

Ол үшін Электрондық үкімет порталының «Азаматтарға» — «Отбасы» бөліміне өту керек. Құжатқа өзгеріс енгізу төмендегідей жүзеге асырылады:

eGov.kz порталында авторизациядан өтіңіз;

қызметтін түрін таңдаңыз;

куәлік беретін ХҚКО филиалын таңдау;

отбасы жағдайы мен табыс көзін көрсетіңіз;

актілік жазбаның нөмірі мен тіркелген күнін көрсету, оғн өзгерістер енгізу қажет;

акт жазбасы үшін қандай өзгерістер, түзетулер, толықтырулар қажеттігін көрсету керек;

өзгерістер енгізу үшін растайтын құжатты тіркеу қажет;

төлем жасау керек;

өтінішке қол қою қажет.

Тағы оқыңыз: Зейнеткердің 6 млн теңгеге жуық қаражатын алып кеткен студент ұсталды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x