Екі мыңнан астам студентке жатақханадан орын тапшы

Өңірде 2 мың-нан астам  студентке жатақханадан орын тапшы.  Бұл мәселені шешу үшін облыс орталығында 1750 орынға шақталған 3 жатақхана салынып жатыр, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі

Петропавлда М.Қозыбаев университетінің студенттер үшін 306 орынға шақталған жатақхананың құрылысы 2019-шы жылы басталған. Қазір ауқымды жұмыс аяқталуға шақ. Мекеменің бірінші қабаты АҚШ-тан келген оқытушыларға арналған. Мамандар Қозыбаев пен Аризона университеті арасындағы әріптестік аясында студенттерге сабақ береді. Бір бөлмеде 3 адамнан тұратын болады. Бір ас үй пен жуыну бөлмесін екі бөлменің тұрғындары пайдаланады.

«Бір шаршы метріне — 290 мың теңге. 15 қазанға дейін нысанды тапсыруды жоспарлап отырмыз. Қазіргі уақытта әрлеу жұмыстары жүргізілуде. Линолеум төсеп, төбелерді тарту керек.»,-дейді СҚО құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Қайролла Ғалеев.

Қазір жатақханаға деген қажеттілік 2300 орынды құрайды. Жыл сайын ауылдар мен өзге қалалардан келген студенттердің саны артып жатыр екен.

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x